Мұғалімдер қандай құжаттарды толтыруы керек?
17 Қараша 2021, 15:45 7972

Мұғалімдер қандай құжаттарды толтыруы керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова педагогтардың қандай құжаттарды жүргізуі керегін айтып берді.

БҒМ бұйрығына (№130 бұйрық – ред.) сәйкес педагогтар негізгі 5 құжатты жүргізуі керек.

Оқу жылының басталуына дейін пән бойынша орта мерзімді жоспар немесе күнтізбелік тақырыптық жоспарды (қағаз немесе электронды форматта) жасайды. Бұл біріншіден. Екіншіден, күн сайынғы сынып, факультативтік, үйде оқыту, мектепалды журналдарын жүргізеді. Үшіншіден, қысқа мерзімді жоспар және тоқсан қорытындысы бойынша жиынтық бағалау жүргізу қорытындыларына талдау жасайды. Сондай-ақ директордың орынбасарларына мәліметтерді тапсырады. Бұл да қағаз немесе электронды форматта, - деді ол.

Оқу жылының қорытындысы бойынша 9, 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау хаттамаларын тапсырады. Ол да қағаз немесе электронды форматта.

Жас маманға тәлімгер болған жағдайда жас маманмен жұмыс жоспарын жасайды.Сынып жетекшісінің функциясын атқарса, қосымша 3 нысан толтырылады. Сынып жетекшісінің сыныппен жүргізетін жұмыс жоспары, білім алушылардың үлгерімі туралы табель (электронды жүйеде жүргізіледі – ред.) және оқу жылының соңында ғана қағаз нұсқасы директордың қолы қойылып, білім беру ұйымының мөрі басылып, білім алушының жеке іс қағазына тіркеледі, - деп түсіндірді Гүлмира Каримова.

Сонымен қатар комитет төрағасы баяндағандай, әлеуметтік педагог 3 құжат жүргізеді. Олар – жұмыс жоспары, мектептің әлеуметтік паспорты, оқушылар туралы мәлімет. Одан бөлек, педагог-психолог та 3 құжат жүргізеді. Олар – жұмыс жоспары, топпен және жеке жұмыс журналы, консультацияларды есепке алу журналы.

Оның сөзінше, мектеп басшысы 5 нысанды бекітеді:

  • Мектептің даму бағдарламасы;
  • Жұмыс-оқу жоспары;
  • Оқу-тәрбие жоспары;
  • Тәрбие жұмысының жоспары;
  • Мектепішілік бақылау жоспары.

Директор бекітетін құжаттардан басқа құжаттар электронды түрде жүргізілсе, қағаз формат қажет етілмейді. Барлық процесс бірте-бірте электронды жүйеге ауысуы тиіс, - деді Гүлмира Каримова.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//