Моңғолия астанасында наурыз тойлау басталып кетті

28 Ақпан 2019, 13:46
5991
Бөлісу:
Моңғолия астанасында наурыз тойлау басталып кетті
PHOTO

Астана, BAQ.KZ. Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында наурыз мерекесін тойлау басталып кетті. Әсіресе Моңғолияның Ұлттық телеарнасы бүгін мерекеге орай арнайы бағдарлама түсіріп, наурыз көжеден дәм татты.

Моңғолия астанасында наурыз тойлау басталып кетті

Бұл туралы бізге телеарнада қызмет істейтін моңғолиялық әріптесіміз Ганзориг Чимэддорж айтып берді.

Моңғолия астанасында наурыз тойлау басталып кетті

Бүгін қыстың соңғы күні. Ертеңнен бастап күллі әлемге көктемнің алғашқы күні келеді. Ал көктемнің ең көрікті мерекесінің бірі - Наурызды тойлау шығыс халықтарының ежелгі дәстүрі. Осыған орай Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында тұратын қандастарымыз наурыз мерекесін тойлауды бастап кетіпті.

Моңғолия астанасында наурыз тойлау басталып кетті

"Бұл мереке біздің телеарнада дәстүрге айналған. Жылда өзімізбен бірге жасасып, төскейде малымыз, төсекте басымыз қосылған ағаш уықты, киіз туырлықты қазақ ағайындарымыздың наурыз мерекесін атап өтеміз. Әрине, өзім жастайымнан қазақ ағайындармен көрші тұрғандықтан бұл мерекенің қыр-сырын жетік білемін. Олар да біздің шаған мерекемізді бірге тойлайды. Екеуі де жыл басы мерекесі болып есептелетіндіктен, бұл моңғол мен қазақтың татулығының, береке-бірлігінің куәсіне айналған мерекелер. Әрине, бізге Ұланбатырда тұратын қазақ ағайындар көмектесіп, сахналық қойлымдар мен ұлттық киімдерді ұсынды. Барлығынан наурыз күні дайындалатын көженің дәмді болатынын айтқым келеді" - дейді Ганзориг Чимэддорж.

Моңғолия астанасында наурыз тойлау басталып кетті

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз моңғолдардың жыл басын қалай тойлайтыны жайлы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы