Бас жаңалықтар
Миннеаполистегі қақтығыстардың басылғаны үшін Трамп өзіне алғыс айтты
03 Маусым 2020, 14:21 179

Миннеаполистегі қақтығыстардың басылғаны үшін Трамп өзіне алғыс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп өткен түні Вашингтон мен Миннеаполис қалаларындағы қақтығыстардың тоқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды interfax.ru.

Өткен түні Вашингтонда ешқандай проблема болмады. Тұтқындалғандар көп болды. Барлығы жақсы жұмыс істеді. Миннеаполис қаласында да барлығы жақсы (президент Трампқа рахмет!), деп жазды ол өзінің Twitter-дегі парақшасында парақшасында.

АҚШ тұрғындары бірнеше күннен бері ел бойынша түрлі наразылық акцияларын ұйымдастырып жатыр. Мұндай наразылықтарға Миннеаполис қаласында полиция қызметкерінің күш көрсетуі салдарынан афроамерикалық азамат Джордж Флойдтың қаза болуы себеп болып отыр. 

Бұған дейін сарапшылар Джордж Флойдтың жүрек және тыныс алу тоқтауынан қайтыс болғанын хабарлады.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...