Министрлік: Жануарлардан алыс болып, қолды жиі жуған дұрыс

23 Қаңтар 2020, 14:30
2241
Бөлісу:
Министрлік: Жануарлардан алыс болып, қолды жиі жуған дұрыс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің Бас санитарлық дәрігері егер шұғыл жағдай болмаса, азаматтарға Қытайға, әсіресе, Ухань қаласына және Хубэй провинциясына бармауға кеңес берді. 

Сонымен бірге, үй жануарларынан, жабайы жануарлардан алыс болып, қолды жиі жуған дұрыс. Егер суық тию секілді жұқпалы аурулар болмаса, жөнсіз дүрлікпей, ұдайы қорғаныс маскасын кие бермеу қажеттігін де айтты.

Бұл турады Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты комитет басшысының орынбасары Жандарбек Бекшин мәлім етті. 

Үй жануарларынан, жабайы жануарлардан алыс болып, қолды жиі жуған дұрыс. Егер суық тию секілді жұқпалы аурулар болмаса, жөнсіз дүрлікпей, ұдайы қорғаныс маскасын кие бермеу қажет, - деді спикер. 

Әзірге инфекцияны оқшаулау мақсатында бірқатар профилактикалық шаралар жүргізілуде. Қытайда өршіп жатқан коронавирус Қазақстан аумағында тіркелген жоқ. Шекаралық өткізу пункттерінде 15 мыңға жуық адам тексерілген.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ҚХР-дағы елшілігіне Ухань қаласындағы этимологиясы белгісіз пневмониямен сырқаттанудың эпидемиялық жағдайы туралы ресми ақпарат беру жөнінде хат жіберілді. Шетелге шығатын қазақстандық азаматтарды, яғни, туристер, студенттер, мигранттарды ақпараттандыру мақсатында Білім және ғылым, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Мәдениет және спорт министрліктеріне ұсыныстар жіберілді. Көліктегі ТКҚСҚБ департаменті әуежай, шекара және кеден қызметінің қызметкерлерімен, бортсеріктермен, ұшу құрамымен, жолаушылар пойыздарының жолсеріктерімен профилактикалық жұмыс жүргізуде. 43 семинар, 304 нұсқау, 1144 әңгімелесу өткізілді. ҚР әуежайларында ҚХР-ға шығатын адамдарға таратылатын жаднама бекітілді, - деді Жандарбек Бекшин.

Соңғы мәліметтер бойынша, вирус Қытайдың 25 провинциясында таралған. 

Бұған дейін, "жалпы 571 адамның жұқтырғаны расталса, олардың 95-і ауыр халде, ал 17 адам қайтыс болды", - деп хабарлаған болатын ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті.
Өзгелердің жаңалығы