Министр жанармай бағасы тұрақталғанын айтты
04 Қараша 2021, 11:34 155

Министр жанармай бағасы тұрақталғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мағзұм Мырзағалиев  Энергетика министрі болғаннан бері іске асырған жұмыстарын айтты. Оның сөзінше, елімізде дизель тапшылығының тамыз айынан басталған. 

Мен қыркүйек айының ортасында министр болғаны бері алғашқы шешімін ресейлік әріптестерімәзбен сөйлесіп, келіссөз жүргізілді. Бұл келісімнің арқасында көршілес елден  қажетті көлемде дизель импорттадық, - деді Мағзұм Мырзағалиев үкімет отырысында журналистерге.

Министр 190-200 мың тонна дизель отыны әкелінгенін хабарлады.

Бұл жағдайды тұрақтандыру үшін жеткілікті көлемде.  Әрине, баға мәселесі өте өзекті.  Өйткені, біз мұнай бағасының өсуін көріп отырмыз.  Тиісінше, сол Ресейдегі зауыттарда жанар-жағармай бағасы айтарлықтай өсті.  Қымбат дизель отынын әкелуге мәжбүр болдық.  Ең бастысы, біз оның жанар-жағармай құю бекеттеріндегі қолжетімділігіне қатысты жағдайды тұрақтандыруға қол жеткіздік, - деп түсіндірді Энергетика министрлігінің басшысы.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...