Министр отандық және шетелдік өндірушілер арасындағы дискриминация жайында айтты

23 Қараша 2021, 09:51
847
Бөлісу:
Министр отандық және шетелдік өндірушілер арасындағы дискриминация жайында айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында айтты.

Отандық тауар өндірушілердің ірі жобаларға қатысу үлесінің төмендігі шетелдік және отандық өндірушілер арасында қалыптасқан дискриминациялық жағдайларға байланысты болып отыр.Осылайша, ірі операторларға берілген кедендік преференциялар нәтижесінде олар шетелдік тауарларды қосылған құн салығын нақты төлемей сатып ала алады. Ал отандық өндірушілерден тауарларды сатып алу кезінде 12% мөлшерінде салық төленеді, - деді Мырзағалиев.

Ол атағандай, бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру жолдарының бірі Салық кодексіне өзгерістер енгізу екенін айтты.

Бұл өзгерістер ірі жобалар үшін тауарларды жеткізу кезінде отандық өндірушілердің ішкі айналымын қосылған құн салығынан босатуды қамтиды.Бұл шара шетелдік және отандық компаниялар арасындағы жағдайды теңестіруге мүмкіндік береді. Осыған орай, Асқар Ұзақбайұлы, Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Энергетика министрлігімен бірлесіп осы ұсынысты пысықтауды тапсыруыңызды сұраймын, - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Өзгелердің жаңалығы