Министр: Назарбаев қоры жастарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуға ықпал етіп келеді

4 Қараша 2021, 08:50
1903
Бөлісу:
Министр: Назарбаев қоры жастарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуға ықпал етіп келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы Нұрсұлтан Назарбаев қорының Өкілдігінде ЮНЕСКО жанындағы халықаралық дәстүрлі музыка кеңесінің (ICTM) тарихи дерек көздерді зерттеу жөніндегі тарихи ресурстарды зерттеу тобының XXIII халықаралық симпозиумының ашылу салтанаты мен пленарлық отырысы өтті.

Іс-шараны Нұрсұлтан Назарбаев қоры, ICTM және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы бірлесіп ұйымдастырды.
Алматыдағы кездесу гибридті формата өтуде. Аргентина, Португалия, Бельгия, Германия, Швецария, Австралия, Венгрия, Латвия, Солвения, Түркия, Словакия, Қытай және грузиялық ғалымдар конференцияға видео байланыс арқылы қатысты.

Симпозиумда ғалымдар талқылаған негізгі ғылыми мәселелер – ХХІ ғасырдағы этно музыкалық зерттеулер мен музыкалық мұрағаттардың қызмет ету көздеріне инновациялық көзқарастар және сонымен қатар ұлттың мәдени мұрасын қайта бағалаудағы қазақ мәдениет қайраткерлерінің жеке мұрағаттарының рөліне назар аудару.

«Тарихи ресурстар» тобының жұмысына отандық зерттеушілердің қатысуы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының бағыттары тұрғысынан зерттеуі аса маңызды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова симпозиумға қатысушыларға арнаған құттықтауында, қазақтың музыкалық дәстүрінің материалдық емес мәдени мұрасын сақтауда тарихи дереккөздерді зерттеудің ерекше маңыздылығына мән берді.

Симпозиум жайлы айта отырып, оны ұйымдастырудағы Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Қазақ ұлттық консерваториясының ынтымақтастықты сақтаудағы рөлін ерекше айтқым келеді. Нұрсұлтан Назарбаев қоры көптеген жобаларында жастарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуға белсенді түрде ықпал етіп келеді, ұлттық мәдениетті сақтауға және жаңартуға бағытталған шығармашылық жобаларды қолдайды - деді министр.

Өз кезегінде шетелдік зерттеушілер мұрағат ісінің теориясы мен тәжірибесі, «бұрынғы жады» ұғымын ғылыми айналымға енгізу, Еуропаның әртүрлі елдеріндегі музыкалық-этнографиялық далалық зерттеулерді мұрағаттау және цифрландыру саласындағы жаңа зерттеулерін ұсынды.

2011 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра туралы конвенциясын ратификациялаудан бастап, Қазақстан өзінің мәдени байлықтарын қайта қарастыруға, өмір сүретін дәстүрлердің өміршеңдігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін іздеу жолында ілгерілеп келеді. Мемлекеттік деңгейде «Course towards the future: Modernization of Kazakhstan 's identity» және «Seven Facets of the Great Steppe» кең ауқымды бағдарламалары жұмыс істейді, ол екеуі де мәдени дәстүрлердің айрықша маңызын нақтылап көрсетеді - деді Ақтоты Райымқұлова.

Айта кетейік, дәстүрлі музыка жөніндегі халықаралық кеңес (ICTM) – бұл барлық елдердің дәстүрлі музыкасы мен биін зерделеуге, тәжірибеге, құжаттауға, сақтауға және таратуға бағытталған ғылыми ұйым. Осы мақсатта ұйым бүкіл әлемдік конференциялар, симпозиумдар, коллоквиумдар және форумдар ұйымдастырады. Сонымен қатар ICTM онлайн-бюллетеньдерін, дәстүрлі музыканың жылнамасын шығарады.

Осы бағдарламалар шеңберінде еліміздің тарихы мен мәдениеті туралы ресурстарды іздеуге, цифрландыруға және ғылыми ұғынуға бағытталған «Архив 2025» жобасы бастамашылық етілді. Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасында музыкалық өнер ерекше орын алады. 2014 жылы қазақстандық домбыра күй өнері басқа да қазақ және түркі дәстүрлерімен қатар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енді, - деді Мәдениет және спорт министрі.

ЮНЕСКО - мен ресми консультативтік қарым-қатынастарды жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйым ретінде және өзінің ауқымды халықаралық өкілдігі және зерттеу топтарының қызметі арқылы Халықаралық дәстүрлі музыка кеңесі әртүрлі мәдениетті тұтынатын халықтар арасындағы көпір қызметін атқарады. Осылайша бүкіл адамзаттың бірлігіне үлес қосады.

Өзгелердің жаңалығы