Министр GGG-ді құттықтады

8 Сәуір 2020, 17:16
1786
Бөлісу:
Министр GGG-ді құттықтады

Нұр-Сұлтар, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Құрметті Геннадий Геннадьевич! Туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстандықтар Сіздің әр жекпе-жегіңізді асыға күтіп, ел мәртебесін асқақтатқан чемпионын мақтан тұтады. Кәсіби рингке шыққан сайын Сіз спорттық шеберлік пен бойыңыздағы қажымас қайрат пен биік рухыңызды паш етесіз. Сіздің өзіңізді жетілдіру жолындағы әрекеттеріңіз спортта жоғары жетістіктерге жеткізіп, жеңістеріңіз жас спортшыларға үлгі болды. Сізге денсаулық, отбасыңызға бақ-береке және жаңа жеңістер тілеймін! Жақсылық мол болсын!, - деп жазды мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Айта кетейік, бүгін, 8 сәуірде ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин 38 жасқа толды.

Өзгелердің жаңалығы