Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингі барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.
Оның айтуынша, гуманитарлық көмекті жіберуге негізгі себеп: Қырғызстаннан еліміздің үкіметіне қолдау туралы өтініш келіп түскен көрінеді.
Осылайша, Қазақстан көрші бауырлас мемлекетке көмек қолын ұсынуды жөн көрген.
Біздің вакцинамыздың басқа мемлекеттерде де қолданылуы - Қазақстан үшін жетістік. Бізден көп көлемде вакцина сұралды. Бірақ біз Жамбыл облысындағы өндірістік алаңды іске қостық. Қазір өндірістік әлеуеттің 600 мың қосымша өндірілген көлемі қоймаларда тұр. Қазақстан гуманитарлық көмек көрсетуде үнемі белсенді, - деді министр.Ведомство басшысының айтуынша, қазір 100 мың доза ҚР аймақтарына таратылады. Кей өңірге жеткізіліп те қойылған. Сонымен қатар қосымша шығарылған 600 мың доза қауіпсіздікке тексеріліп жатыр. Тамыз айында ол еліміздің аймақтарына жөнелтіледі деп жоспарланып отыр.