Бас жаңалықтар
Микротолқынды пештерге қатысты дәрігер кеңесі
20 Наурыз 2019, 10:29 758

Микротолқынды пештерге қатысты дәрігер кеңесі

Астана, BAQ.KZ. Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Садвақас Байғабылов микротолқынды пештерден шығатын сәулелендіру туралы пікір білдірді.

Департамент тұрмыста қолданылатын микротолқынды пештерге тәжірибе тұрғысынан зерттеу жүргізді.

«Қазіргі уақытта тамақты жылыту және дайындауға арналған «микротолқынды» пештерді қолданбайтын үй немесе кеңселерді табу қиынға соғады, аталған құрылғылар электромагнитті жолақтарды шашады (ЭМЖ) және тиісінше адамға сондай мөлшерде сәулелендіруді таратады.

Адамның жүйке жүйесі, жүрек-қан тамырлары, иммундық және эндокриндік жүйесі ЭМЖ-ның әсер етуіне сезімтал болып келеді және нәтижесінде ұзақ әсер ету арқылы жекелеген салдарлардың дамуына әсер етуі мүмкін», - дейді Садвақас Байғабылов.

Адамға электромагниттік сәулелендірудің әсері зиянсыз болуына микротолқынды пештерге арналған арнайы нормативтер бекітілгенін ескеру қажет. Яғни, 10 см арақашықтықта микротолқынды пештер 10 мкВт/см2  жоғары сәулелендірмеуі тиіс.

Астана қаласының ҚДСД Департамент ұжымында қолданылатын микротолқынды пештердің түрлі модельдеріне электромагниттік сәулелендіру жолағының тығыздығына өлшеу жүргізді. Өлшеулер микротолқынды пештердің қабырғасынан 10 см және 50 см нормаланған арақашықтықта жүргізілді.

Өлшеу нәтижелері сәулелендіру диапазоны орташа төмендегі арақашықтықта екенін көрсеткен.

Дәрігерлер есік жағынан сәулелендіру қарқынды және пештерден арақашықтық артқан кезде электромагниттік сәулелендірудің мөлшері азаятынын айтты.

«Осыған байланысты, микротолқынды пештердің жұмыс істеуі кезінде қасында тұрмауға және оның жылыту процесінің аяқталғанын есігінің сыртынан қарап тұрмауға кеңес береміз. Барлық микротолқынды пештерде дыбыстық сигнализация бар, олар өзінің жұмыс процесінің аяқталғанын көрсетеді. Сондықтан да бағдарламаның аяқталуына дейін құралға 0,5 – 1 м жақындамауға кеңес береміз. Балалар ағзасының ерекше сезімталдығын ескере отырып, олардың қолданбауына немесе үлкендердің бақылауында болған кезде қолдануға кеңес береміз», - деді Садвақас Байғабылов.

 

 

 

 

Загрузка...