Бас жаңалықтар
Microsoft қызметкерлеріне 1 сәуір күні әзілдесуге тыйым салды
01 Сәуiр 2019, 09:30 645

Microsoft қызметкерлеріне 1 сәуір күні әзілдесуге тыйым салды

Алматы, BAQ.KZ. Microsoft компаниясы әзілдің арты әрдайым жақсылыққа әкеле бермейді деген ұстаныммен қызметкерлеріне жазбаша түрде 1 сәуірде бір-бірін алдауға тыйым салды. Бұл туралы The Verge басылымы жазды.

Microsoft-тың маркетинг ісі бойынша директоры Крис Капоссела барлық қызметкерлерге 1 сәуірде бір-бірін алдап, ойнаудан бас тарту жөнінде хабарлама жіберген. Онда жұмыстан тыс уақытта әзілдесіп, қалжыңдасуға ешкімнің тыйым салуға қақысы жоқ екені де айтылған.

«Адамдардың осы күнге әдейілеп дайындалып, уақыты мен күш жұмсайтынын бағалаймын. Дегенмен, біз осы күні күлкілі боламыз деп көп нәрседен ұтыламыз. Бұл уақытта технологиялық компаниялар әзіл арқылы өз креативтіліктерін білдіруге тырысады. Оның нәтижесі көп жағдайда жақсы бола бермейді»,- дейді Крис Капоссела.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...