Менде әттеген-ай деген кез болмайды – Елдос Сметов

24 Шілде 2021, 21:17
2838
Бөлісу:
Менде әттеген-ай деген кез болмайды – Елдос Сметов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ алаңында онлайн форматта өткен брифингте Токиода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Елдос Сметов айтты.

Елдос, жеңісіңіз құтты болсын! Жартылай финалда Такатомен белдесу голден скорға дейін созылды. Көп күш жұмсалды. Қанша дегенмен әттеген-ай бар шығар? Шаршап қалғаныңыз ба әлде басқа да бір қателіктер болды ма? – деп редакциямыз спортшыға сауал жолдады.
Спортшы қойылған сұраққа былай деп жауап берді.
Бұл жерде «бақ шаба ма, бап шаба ма» дейді ғой... Бұл Олимпиада ойындарында кімнің бағы жанып тұр, сол адам қайткен күнде де жеңіске жетеді. Бірақ менде әттеген-ай деген кез болмайды. Себебі ақтық айқасқа жолдама үшін барымды салдым. Өзімнің жақсы дайындықпен келгенімді сезіндім, - деп айтты Сметов.
Спортшы қарсыласының да дайындығын сезінгенін айтты.
«Осылай күрескенімде басқаша болар ма еді» немесе «мына әрекетті істеп қалуым керек еді» деген ой болған жоқ, қателіктер жібердім деп ойламаймын. Жарыста барымды салдым, - деп толықтырды спортшы.

Өзгелердің жаңалығы