Қазақстан хоккей құрамасының экс-қорғаушысы қайтыс болды

24 Шілде 2021, 21:10
1960
Бөлісу:
Қазақстан хоккей құрамасының экс-қорғаушысы қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СКА-ның және Қазақстанның хоккейден құрама командасының бұрынғы қорғаушысы Евгений Пупков коронавирус салдарынан 46 жасында өмірден озды.

2021/22 маусымында Пупков «Алматының» аға бапкері болуы тиіс еді. Клуб деңгейінде Евгений Пупков СКА-дан бөлек «Амур», «Автомобилист», «Химик», новокузнецктік «Металлург» және тағы басқа клубтарда өнер көрсеткен, - деп хабарлады «Алматы» клубының баспасөз қызметі.
Пупков 2006 жылдардағы Олимпиада ойындарындағы Қазақстан құрама командасының сапында болды.


Өзгелердің жаңалығы