Мемлекеттік қызмет көрсетудің 80% электронды форматта жүргізіледі

14 Қаңтар 2019, 21:49
2338
Бөлісу:
Мемлекеттік қызмет көрсетудің 80% электронды форматта жүргізіледі

Астана, baq.kz. Маңғыстау облысы әкімдігінде өңір басшысы Ералы Тоғжановтың қатысуымен жиналыс өтті, деп мәлімдейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Электронды Үкімет» дамуы мен мемлекеттік қызмет көрсету барысы жайлы Маңғысытау облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК» ҰАҚ филиалының директоры Ербол Байжігіт және Маңғыстау облысы әкім аппараты басшысының орынбасары Әсел Балманова баяндама жасады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау өңірі бойынша 11 бөлімі, екі секторы және бір филиалы бар. Реестр бойынша барлығы 741 қызмет түрі көрсетіледі. 2018 жылы 1 377 536 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген. Мобильді ХҚО бойынша 316 шақырту жасалынып, 6 063 қызмет көрсетілді. Сонымен қатар облыстың барлық аудандары мен қалаларында өз өзіне қызмет көрсету секторлары бар. Олар арқылы 2018 жыл ішінде жалпы сомасы 61 млн. теңгені құрайтын транзакция жасалған. Сондай-ақ азаматтарға ЭЦҚ арқылы, бір реттік пароль, EgovKzBot Телеграм боты арқылы мемлекеттік қызмет алу оңтайландырылып, үшінші жақ тарапынан анықтама алу жеңілдетілді», - деді Ербол Байжігіт.

Әсел Балманованың мәліметінше, бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар 195 мемлекеттік қызмет түрін ұсынып отыр.

Былтыр мемлекеттік органдар тарапынан қағаз форматында көрсетілген қызмет түрі азайып, мемлкеттік корпорация және электронды форматтағы қызмет көрсету түрі артқан.

Өзгелердің жаңалығы