Бас жаңалықтар
Тоқаев Тәжікстанда өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесіне қатысады
13 Қыркүйек 2021, 16:35 87

Тоқаев Тәжікстанда өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесіне қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына және ШЫҰ Мемлекет басшылар кеңесінің отырысына қатысады. Бұл кездесулер Тәжікстанда өтеді.

Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, 16 қыркүйекте Душанбе қаласында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді.

Мемлекет басшылары халықаралық және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері мен сессияаралық кезеңдегі Ұйым қызметінің негізгі нәтижелері бойынша пікір алмасады. Сонымен қатар ұйым өкілдері Армения Республикасының ҰҚШҰ-ға алдағы төрағалық кезеңіндегі қызметтің басым бағыттары туралы ақпаратты тыңдайды, - делінген хабарламада.
Сессия қатысушылары:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев;

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон;

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров;

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян;

Беларусь Президенті Александр Лукашенко;

Ресей Президенті Владимир Путин;

ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зас.

Айта кетейік, сессия қорытындысы бойынша ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Декларациясы мен он беске жуық шешім қабылдау жоспарланып отыр.


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...