Мемлекет 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге не беруі тиіс?

2 Қыркүйек 2021, 12:17
9097
Бөлісу:
Мемлекет 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге не беруі тиіс?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде өткен брифиг барысында мәлім етті.

Әлемдік банктің зерттеу мәліметі бойынша, еліміздегі адам капиталының индексі 63 пайыз деп көрсетілген. Егер нақтылайтын болсақ, бала туғаннан бастап 18 жасқа жеткенге дейін мемлекет не беруі тиіс? Сонымен қатар жасөспірім шағына дейін қандай қабілеттерді жетілдіруіміз керек? Олардың бәрін санап көрген кезде білім саласы, денсаулық сақтау және т.б салаларды қосқанда, беретін қабілетіміз 12 мың элементті құрайды. Оның ішінде мектептегі қосу, алу секілді білім бөлшектері кіреді. Балаға мемлекет беру керек тәрбиенің 63 пайызын ғана беріп отырмыз. Бұл - біздің бағамыз емес, әлемдік банк өкілдерінің бағасы, - деді ол.

Сонымен қатар ол бұл мәселелердің Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілгенін айтты.

Осы мәселеге қарап білім беру жүйесіндегі тиімділіктің есебі берілуі тиіс 12 мың дағдыны қалайша біз 63 пайыз емес, 80-90 пайызға жеткізе аламыз деген сұрақ туындайды. Осы жерде білім беру мәселесінің тиімділік проблемасы шығады. Дегенмен осы бағытта ұтымды қозғалыстар бар. Былтыр 800 мектеп жаңадан салынатын болды. Бұның өзі үлкен қадамдарымыздың бірі. Кешегі Жолдауда мың мектепке дейін көбейтеміз деп айтты. Бұл осы мәселенің шын масштабын мойындап, нақты жоспарға салу. Бұл проблеманы кеше Мемлекет басшысы өз Жолдауында көтерді, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы