СҚО-ның барлық мектебінде сабақ тоқтатылды

27 Ақпан 2020, 06:23
1402
Бөлісу:
СҚО-ның барлық мектебінде сабақ тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 ақпанда ауа райының нашарлауына байланысты солтүстікқазақстандық мектептер 1-11 сынып оқушылары үшін сабақтарды тоқтатты, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Облыста көктайғақ, жауын-шашын және қатты жел болады деп болжануда. Сабақтардың тоқтатылуы туралы ақпарат Darmen мобильді қосымшасы арқылы және WhatsApp-та ата-аналардың топтарына жіберілді. Сондай-ақ, барлық бағытта жолдар жабық, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы