Мектепке дейінгі білім беруде Шымкент көш бастап тұр – министр

31 Қаңтар 2020, 16:42
1741
Бөлісу:
Мектепке дейінгі білім беруде Шымкент көш бастап тұр – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда оқушылардың 95% жаңартылған білім беру бағдарламасына көшті. Ұлттық квалификациялық тест тапсырған 156 мың мұғалім жалақысына 30% және 50% үстемақы алып отыр. 

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты.

Министрдің айтуынша, бүгінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдары білім қажеттілігіне жауап беріп отырған аймақтарды пайыздық көрсеткішпен алатын болсақ, Шымкент қаласы көш бастап 23,9% көрсетіп отыр.
PISA халықаралық ұйымның зерттеуі бойынша Қазақстандағы орта білімдегі ең жоғарғы және ең төменгі білімді теңестіру уақыты 2 жылды құрап отыр. 3-6 жастағы балаларды біліммен қамту Қазақстан бойынша 100% орындалды. Ең жоғарғы көрсеткіш Қостанай облысында 99,8% болып тұр. Кейін Алматы облысы, Атырау, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары тұр. Бұл орайда ең төмен көрсеткішті Алматы қаласы – 86,9% құрап отыр. Ал, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары білім қажеттілігіне жауап беріп отырған аймақтарды пайыздық көрсеткішпен алатын болсақ, Шымкент қаласы көш бастап 23,9% құрады, - деді ол. 

Асхат Аймағамбетов еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру саласын тоқталып, шешілмеген мәселелерді атады.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына студенттерді қабылдау мемлекеттік тапсырыс бойынша 3831 адамға қысқартылды. Қазақстан бойынша аталған жүйе бойынша заманауи қондырғылармен қамту үлесі 51,5% құрап отыр, - деді ол.

Қазір елордада Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтіп жатыр. Оған ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев арнайы қатысып отыр.

Сонымен қатар, еліміздің әр түкпірінен келген мұғалімдер кеңейтілген алқы отырысының жұмысында мәселелерді талқыламақ.

Бұған дейін министр Асхат Аймағамбетов үшауысымды мектеп мәселесі әлі шешілмегенін атап өтті.
Өзгелердің жаңалығы