Бас жаңалықтар
Медицина қызметкерлерінің үстемеақылары аударылды
08 Сәуiр 2020, 15:10 284

Медицина қызметкерлерінің үстемеақылары аударылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР медицина қызметкерлеріне төленетін үстемеақылар тиісті ауруханаларға аударылды, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел президентінің тапсырмасы бойынша, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы коронавирусқа қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу үшін ауруханаларға ақша аударды. Өңірлерде әрбір қызметкердің жұмысқа араласу дәрежесі мен төлем сомасын анықтайтын комиссиялар құрылды.

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығында барлық қауіптілік топтары, төлем мөлшерлері және тізімдерді жасау тәртібі белгіленген. Жалпы алғанда, 30 мыңнан астам медицина қызметкері қосымша төлемдер алады, - делінген министрдің хабарламасында.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...