Үздік дәрігерлерге ALTYN SHIPAGER сыйлығы табысталады

10 Маусым 2019, 14:39
1583
Бөлісу:
Үздік дәрігерлерге ALTYN SHIPAGER сыйлығы табысталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 маусым күні Бейбітшілік және келісім сарайында Jastar jyly жылы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Медициналық қызметкердің күніне орай «Жастар энергиясы – елордалық денсаулық ісінің қауіпсіз болашағы» атты ауқымды салтанатты іс-шара өтетін болады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Рухани жаңғыру


Іс-шараның басты оқиғасы ретінде кезекті медициналық ALTYN SHIPAGER сыйлығын табыстау рәсімі болмақ. 

Медицина саласында ерең еңбек еткен үздік дәрігерлер мен қызметкерлер 11 номинация бойынша марапатталады. 

Сыйлықты табыстау медицина саласында қоғамдық сананы жаңғыртуға, жас дәрігерлерді қолдау мен қатар отандық денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыруға бағытталады. 

Шара ауқымды шоу форматында өткізіліп, концерттік бағдарламада отандық эстрада жұлдыздары қатысады. Шараның ресми басталуына дейін жүргізушілер келген қонақтармен интерактивті ойындар жүргізіп, жиын туралы сұқбаттасады. Қонақтар мен БАҚ өкілдері қатысушылардан сұхбаттар алып, көкейдегі сауалдарына жауап ала алады. 

Салтанатты жиынның ресми басталуы сағат 16:00-де қала әкімі Бақыт Сұлтановтың құттықтау сөзі мен ALTYN SHIPAGER сыйлығын иегерлеріне табыстаудан басталады деп күтілуде. 

Сондай-ақ, белгілі қоғам және ғылым қайраткерлері, танымал спортшылар мен еліміздің біртуар тұлғалары медициналық қызметкерлерді 10 номинация бойынша марапаттайды.

Өзгелердің жаңалығы