ҚМДБ бір апта ішінде 6 мыңға жуық отбасыға көмек көрсетті

11 Сәуір 2020, 08:23
1839
Бөлісу:
ҚМДБ бір апта ішінде 6 мыңға жуық отбасыға көмек көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚМДБ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордада қайырымдылық шарасын өзі бастап, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратып, оларға насихатын жеткізген болатын.

Халқымызда "Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің" деген нақыл сөз бар. Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Мен жұртымызға жолдаған Үндеуімде карантин кезінде үмітсіздікке бой алдырмай, сауапты амалдар мен қайырымдылық шараларға үлес қосуға шақырдым. Біз қашанда өзгелерге қайырымдылық жасап, жан-жағымызға шуағымызды төгіп, шарапатымызды тигізіп, адамның алғысын алып өсіп-өнген елміз. Сындарлы сәтте бір-бірімізге жылы сөз айтып, жабыққан жандарға көмектесудің сауабы мол. Осынау сауапты іске үлес қосқан барша дін қызметкерлері мен демеуші азаматтарға риясыз ризашылығымды білдіремін, – дейді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Айта кетсек, қайырымдылық акциясы республика деңгейінде жүзеге асқан. Азық-түлік пен тұрмыстық заттарға кеткен қаражат мөлшері – 25 015 950 теңге. Бұл бастама жалғасын таба бермек
Өзгелердің жаңалығы