Бас жаңалықтар
Мәжілістің ең жас депутаты: Жеке басыма өтіп, ата-анама тіл тигізгендер де табылды
26 Қаңтар 2021, 15:50 629

Мәжілістің ең жас депутаты: Жеке басыма өтіп, ата-анама тіл тигізгендер де табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы екі аптада елордаға қоныс аударып, жаңа қызметке кірісіп, жауапкершілігі мол жұмыстың қыр-сырын түсініп, ортаға бейімделіп жатырмын. Әлеуметтік желіден қол үзіп кетуімнің себебі де осы. Бұл туралы Мәжілістің ең жас депутаты Мәди Ахметов facebook-тегі парақшасында жазды. 

Қымбатты ағайын, менің тарапыма сын да айтылды, теріс пікірлер де болды, мен туралы білместен, жеке басыма өтіп, ата-анама тіл тигізгендер де табылды. Халқымызда «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» деген ұлағатты сөз бар. Соны ұмытпаған абзал. Айналып келгенде, бәріміз бір қазақтың баласымыз, қанымыз бір, - деді ол. 

Ол «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» деп қолдап, ақ жол тілеп, сенім артып жатқан қолдаушыларға алғыс айтты.

Алдағы уақытта қоғамдағы өзекті мәселелер мен жастардың жағдайын жақсартуға қатысты сұрақтарды көтеріп, шешілуін қадағалаймын.Сондай-ақ, менің қалыптасуыма үлес қосқан, жұмыс бабымен әріптес болған, белсенді қоғамдық өмірді бірлесе өткерген азаматтарға, командама айтар алғысым шексіз. Алматыда кіндік қаным тамып, мектеп шағымды, студенттік кезеңді өткізіп, еңбек жолымды бастадым. Ендігі кезекте қаламыздың көркейіп, даму жолындағы жұмысын жалғастырамын. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бір-біріміздің пікірімізге құлақ салып, бірлесе жұмыс істейік. Мақсатымыз ортақ, «илегеніміз бір терінің пұшпағы». Сондықтан сіздердің тұшымды ұсыныс-пікірлеріңізге әрдайым ашықпын, - деді Ахметов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//