Мәжіліс лоторея туралы заң жобасын қолға алды

19 Маусым 2019, 11:07
1921
Бөлісу:
Мәжіліс лоторея туралы заң жобасын қолға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне лотореялар және лоторея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу туралы қаулы қабылданды. 

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов аталған заң жобасы лотореялар және лоторея қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіруге және лоторея қызметін жүзеге асыру жүйесін одан әрі дамытуға бағытталғанын айтты. 

«Заң жобасында лотореялар және лоторея қызметі саласында құқықтық олқылықтардың орнын толтыру және заңнамаға «лоторея таратушысы» ұғымын енгізу мен оның қызметінің құқықтық негіздерін анықтау көзделіп отыр. Заң жобасы осы саладағы заңға қайшы әрекеттерден азаматтардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуді ұсынып отыр. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2020 жылдың 2020 жылдың 18 наурызына дейін қорытынды әзірлеуге адйын. Қолдауларыңызды сұраймыз», - деді Сабильянов.

Өзгелердің жаңалығы