Бас жаңалықтар
Мәскеуде мектепте атыс ұйымдастырмақ болған тағы бір оқушы ұсталды
18 Мамыр 2021, 00:21 403

Мәскеуде мектепте атыс ұйымдастырмақ болған тағы бір оқушы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеуде оқушы бала мектепте атыс ұйымдастыруды жоспарлаған, деп хабарлайды zakon.kz.

16 жастағы Матвей 15 жастағы қызға өз жоспарын айтып берген.

Life Shot атап өткендей, мұны естіген қыз қатты шошып, бірден анасына бәрін жайып салған. Әйел адам өз кезегінде полицияға қоңырау шалады.

Матвейдің үйіне тәртіп сақшылары сау ете түседі. Бозбала қызға жай әзілдегенін, ондай әрекет жасау ойында болмағанын түсіндірді, - делінген хабарламада.
Алайда, орта мектеп оқушысы тұратын пәтерден олар:

- пневматикалық автомат;

- пневматикалық тапанша;

- «RS-31» маркасындағы «Жевело-Н» револьвері;

- танкке қарсы гранатаның бос түтігін тапқан.

11 мамырда Ильназ Галявиев Қазандағы бір мектепте атыс ұйымдастырды. Шабуыл кезінде тоғыз адам көз жұмып, шамамен 20 адам ауруханаға түсті.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...