Бас жаңалықтар
Мәсімов кеңес өткізді
05 Қазан 2021, 22:16 150

Мәсімов кеңес өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының басшысы – ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Орталықтың кезекті отырысын өткізді.

Діни қауіпсіздікті қамтамасыз ету контекстінде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары қазіргі кезеңдегі террористік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдарды талқылап, қосымша шаралар қабылдады.

Сонымен қатар, терроризмге қарсы комиссиялар тұрғысынан жергілікті жерлерде терроризм профилактикасын және терроризм әрекетін қаржыландыруға қарсы күресті күшейту жөнінде шешімдер әзірленді. 

Білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушыларының техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және терроризм актісін жасау қаупі туындаған кезіндегі іс-қимыл алгоритмі қаралып, мақұлданды.

ТҚО отырысының нәтижелері бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...