Марат Оразаев АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

22 Қаңтар 2021, 17:18
1386
Бөлісу:
Марат Оразаев АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Марат Аблахатұлы Оразаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Марат Оразаев 1967 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. 

Алматы халық шаруашылығы институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 1991 жылы Қазақ экономика және агроөнеркәсіптік кешенді ұйымдастыру ҒЗИ-да экономист болып бастаған. 

1993 жылдан 1999 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымында түрлі қызметтер атқарды. 

1999 жылдан 2008 жыл аралығында — ҚР АШМ Қаржы департаменті директорының орынбасары, Бюджет департаментінің, Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің директоры. 

2008-2011 жж. — ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі. 

2011-2013 жж. — ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары, инспекторы. 

2013-2015 ж. — ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары. 

2015 жылдан 2019 жыл аралығында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 

2019 жылдан 2021 жыл аралығында ҚР АШМ жауапты хатшысы қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы