Марат Бәшімов: Сыбайлас жемқорлықпен күрес, бұл – ұлттық қауіпсіздік

17 Маусым 2020, 13:22
1794
Бөлісу:
Марат Бәшімов: Сыбайлас жемқорлықпен күрес, бұл – ұлттық қауіпсіздік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСҰК-нің мүшесі, Еуропалық құқық және адам құқығы институтының директоры, Агенттік жанындағы республикалық арнайы мониторингтік топ мүшесі Марат Бәшімов айтты. 

Мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің соңғы баяндамасын оқып шықтым. Меніңше, оны барынша молынан насихаттау керек. Онда агенттіктің қаншалықты орасан жұмыс атқарып жатқандығы айтылған. Сыбайлас жемқорлықты бірден жеңіп шыға алмайтынымыз белгілі. Бірақ, оның көлемін барынша азайту керек. Қылмыстық жауапкершілікті алып тастамау керек. Себебі, Қылмыстық жауапкершілік әлемнің кез келген елінде бар және ол қатаң сақталады, - деді ол. 

Марат Бәшімов қандай саладағы болмасын жемқорлық ашықтықтан қорқатынын жеткізді.
Мемлекеттік, квазимемлекеттік, құқық қорғау, сот саласындағы жемқорлық ең алдымен, ашықтықтан, қызметінің транспаренттілігінен именеді. Екінші бір мәселе, цифрлану процесі келе жатыр. Бірнеше жыл бұрын интернеттің өмірімізбен мұншалықты терең қабаттасып кететінін ойламадық. Қазір еңбектеген сәбиге дейін интернеттің не екенін біледі. Яғни, кез келген ақпарат ол мейлі шынайы, мейлі жалған болсын, жылдам таралады. Үшінші мәселе – азаматтық қоғамның тікелей қатысуы, яғни, Серіктестік департаменті. Бұл – сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің негізгі критерийлерінің бірі. Себебі, біздің мемлекеттік органдар бұған дейін ақпарат таратып және кеңес берумен ғана айналысып келді. Ал, мұнда қандай да бір шешім қабылдау барысында оларды тартуға, бірлесе жұмыс істеуге шақырады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бұл – ұлттық қауіпсіздік, - деді ол.

Айта кетейік, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық заңнама мен халықаралық стандарттар" тақырыбы қозғалды.



Өзгелердің жаңалығы