COVID-19: Маңғыстауда әскери қызметкер қайтыс болды

24 Сәуір 2020, 16:44
1719
Бөлісу:
COVID-19: Маңғыстауда әскери қызметкер қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында коронавирус індетін жұқтырған алғашқы адам қайтыс болды, деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Е.Сыдыманов қайтыс болған азамат - Мұнайлы ауданы, Батыр ауылының 1980 жылғы тұрғыны екенін айтты.

Ол 20 сәуір күні ыстығы көтеріліп, қатты ауырған соң жедел-жәрдемге хабарласқан. Оның жедел-жәрдем шақыртқанға дейін үйінде бір аптадай ауырғаны анықталды. Бірден карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Сөйтіп, Covid-19 вирусын анықтайтын тест тапсырады. Алғашқы рет тест нәтижелері теріс болған. Екінші рет тест нәтижелері оң болып, науқастан ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды, - деді ол.

Әскери қызметкер Ақтау қаласын дезинфекциялау жұмыстарына қатысқан екен. 

Марқұмның артында әйелі мен 5 баласы қалды. Казіргі уақытта науқаспен жақын байланыста болған отбасы мен өзге де әскери бөлімнің қызметкерлері ауруханаға жатқызылды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтқанда, әскери бөлімде және марқұмның үйінде. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған, - деді Сыдыманов.

24.04.2020 жылғы жағдай бойынша өңірде 20 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды.
Ақтауда – 11
Жаңаөзенде – 4
Маңғыстау ауданында – 4
Мұнайлы ауданында – 1
Жазылып шыққаны – 4
Қайтыс болған – 1

Ауырғандардың контингенті бойынша: медицина қызметкері – 1 жағдай, полиция қызметкерлері – 3 адам, әскери қызметкер – 1 жағдай, зейнеткер – 2 жағдай және жұмыссыздар – 9 адам.

Қазір инфекциялық стационарда 15 науқас ем қабылдауда. Оның ішінде 1 науқастың жағдайы тұрақты ауыр.

Тіркелген 20 науқаспен қарым-қатыснаста болған адамдар саны – 683, оның ішінде жақын қатынаста – 161 адам, потенциалды қатынаста – 522 адам анықталды.

Өзгелердің жаңалығы