Маңғыстауда 230 млн долларға бағаланған екі инвестициялық жоба жүзеге асады

20 Мамыр 2019, 12:28
2006
Бөлісу:
Маңғыстауда 230 млн долларға бағаланған екі инвестициялық жоба жүзеге асады
PHOTO
Фото: автордан

Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстау облысының әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласында «Астана халықаралық қаржы орталығымен» бірлесе «Global Silk Road Mangystau invest 2019» халықаралық форумын өткізді. Аталған шара «Астана экономикалық форумы» күндері аясында ұйымдастырылды.

Нәтижесінде аймақ әкімдігі өзге өңірлердің арасында алғашқы болып «Астана халықаралық қаржы орталығымен» меморандумға қол қойды.

Нақтырақ айтсақ, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов және «Астана халықаралық қаржы орталығының» басқарушысы жаңадан жасалған меморандум аясында жан-жақты келісімге келді. Осыған сәйкес бұдан былай шалғай өңір кез-келген инвестормен халықаралық құқық қағидаттары бойынша жұмыс істейтін болады. 

Басты мақсат - АХҚО қатысушыларын Маңғыстау облысының экономикасына инвестиция құюға шақыру арқылы аймақтың экономикалық әлеуетін арттыру. Осы форумның нәтижесінде кәсіпкерлермен құны 230 млн АҚШ долларын құрайтын екі инвестициялық жобаны іске асыру бойынша келісім жасалды. 

Маңғыстауда 230 млн долларға бағаланған екі инвестициялық жоба жүзеге асады

Өңірлерге инвестиция тартудың жаңа моделі ретінде биыл «Астана экономикалық форумының» аясында «Өңір қонақ» жаңа жүйесі енгізіліп, оған алғашқы болып Маңғыстау облысы таңдалды. Бұл жүйенің көздеген басты мұраты осы өңірге әлемдік деңгейдегі жаңа инвесторлар мен қаржы ұйымдарын жұмылдыру. 

«Астана» халықаралық қаржы орталығында өткен форумда облыс әкімі Маңғыстау өңірінің инвестициялық әлеуетімен таныстырды. Атап айтсақ, мұнайлы аймаққа Түркия, Ресей, Қытай, Италия, АҚШ, Германия тағы басқа елдерден ірі шетелдік инвесторлар келді.

Маңғыстауда 230 млн долларға бағаланған екі инвестициялық жоба жүзеге асады

Олардың қатарында «Forbes Global 2000» тізімінде тұрған CNPC, Shlumberger, Halliburton, OMV Petrom, Total, Saipem, Tenaris, Arcelor Mittal және Heidelberg Cement секілді алпауыт компаниялар бар. Олардың өкілдерінің қатысуымен түрлі салаларда бірнеше жобалар ойдағыдай іске асырылды. 

Қазіргі таңда Маңғыстау облысының 2019-2025 жылдарға бағытталған құны 2,4 трлн теңге болатын 44 инвестициялық жобасы белгіленген. Оның ішінде шет мемлекеттердің қатысуымен жалпы бағасы 2,2 триллион тенгені құрайтын 18 жобаны іске асыру жоспарланған. 

Биылғы жылы облыс аумағында 66,7 млрд теңгені құрайтын 22 жоба, оның ішінде құны 38,4 млрд теңге тұратын төрт жоба шетелдік инвесторлардың қатысумен іске қосылмақшы. 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес өңір әкімдігі «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС базасында инвесторларға бір терезе қағидаты бойынша қызмет көрсетуге арналған «Фронт офис» ашқан болатын. Оның мүмкіндіктері жайында облыс әкімі Ералы Тоғжанов форум кезінде сөйлеген сөзінде мысалға келтірді. 

Маңғыстауда 230 млн долларға бағаланған екі инвестициялық жоба жүзеге асады

«Фронт офистің басты мақсаты - инвесторларды барлық үкіметтік және басқа ұйымдармен байланысты жұмыстарын арттыру. Мұнда әлеуетті инвестор Маңғыстау облысындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың ықтимал нысандары туралы және өздеріне қажетті барлық ақпараттарды алады. Бүгінгі таңда облыс әкімдігі инвестициялық саясатты жүзеге асыру мақсатында, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар арасындағы өзара әрекеттесу ережелерін дайындап берді. Ережеде фронт-офисінің бүкіл жұмысы қарастырылған» - деді Ералы Тоғжанов. 

Сонымен алдағы бес жылда облысты дамытудың басым бағыттары - туризм, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика, көлік және логистика салаларында алты бірдей инвестициялық құрылым бойынша әр саланың тартымдылығы орыс, ағылшын, түрік, парсы, қытай тілдеріне аударылып жазбаша түрде ұсынылатын болады. 

Бұдан бөлек осы аймақта шетелдік инвесторлардың қатысуымен көп функционалды логистикалық орталықтың, тұзсыздандыру зауытының, каустикалық сода мен тұз қышқылын шығаратын зауыттың, су тұшыту қондырғысының құрылысы сияқты ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.

Шалғай өңірдің ыңғайлы географиялық жерде орналасуы, бай тарихи мұралары мен көрнектері, теңізге шығудың қолжетімділігі, сондай-ақ негізгі туристік ағындарды тудыратын елдерге жақын болуы аймақ туризмін дамытуға зор мүмкіндік береді. 

Мәселен, осы сала бойынша жалпы ұзындығы 63 шақырымдық теніз жағалауында инженерлік инфрақұрылымды жүзеге асыру жұмыстары басталып кетті. 

Маңғыстауда 230 млн долларға бағаланған екі инвестициялық жоба жүзеге асады

«Біздің өңірдін климаттық жағдайы аймаққа электр қуатының қосымша көзі үшін, күн және жел электр станцияларын салуға мүмкіндік береді. Аймақтағы шуақты күндерінің ұзақтығы жылына 300 күн. Бұл елдегі ең жақсы көрсеткіш, сондай-ақ желдің жылдамдығы - секундына 8,43 метрді құрайды. Сондықтан басқа маңызды сектор ретінде баламалы энергия көздерін дамытуды айтуға болады. Бұл келешекте электр энергиясын өндірудің барлық дәстүрлі әдістерін тоқтата алатын ең перспективалы ресурстардың бірі. Бүгінгі таңда аймақта қуаты 90 МВт жел электр станциясы салынып жатыр» - деді өз сөзінде Ералы Тоғжанов. 

Баяндамалық сөздің соңында аймақ әкімі инвесторларға Маңғыстау облысы бизнесті қолдайтынын және «Ашық есік» принципімен жұмыс істейтінін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өзара тиімді ынтымақтастық танытуға әзір екенін айтты.  

Өзгелердің жаңалығы