Малайзия вакцина салдырған туристер үшін жаңа бағыттар ашады

23 Қыркүйек 2021, 07:52
860
Бөлісу:
Малайзия вакцина салдырған туристер үшін жаңа бағыттар ашады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Малайзия билігі 1 қазаннан бастап вакцинацияланған туристер баратын бірнеше бағыт ашуға ниетті, деп хабарлайды CNA телеарнасы.

Біз бұл жерлерге туристерді қабылдауға дайындалу үшін екі апта уақыт береміз, – деді елдің туризм министрлігінің басшысы Нэнси Шукри.
Яғни, туристер үшін қосымша ашылатын жерлер – Малакка қаласы, Тиоман аралы және Гентинг тауларының курорты. Шукри бұл жерлерге тек вакцинацияланған туристер келе алатынын, алайда коронавирустық инфекцияны анықтау үшін ПТР-тест тапсыру міндетті түрде болатынын айтты.

Айта кетейік, бір апта бұрын Малайзияда коронавирустың жаңа түрімен инфекцияны жұқтырғандардың жалпы саны 2 миллионнан асқан. Корольдікте COVID-19 вирусының асқынуынан 24 мыңнан астам адам қайтыс болды.


Өзгелердің жаңалығы