Бас жаңалықтар
Мадрид тұрғындарына түнгі уақытта далаға шығуға тыйым салынды
24 Қазан 2020, 07:38 150

Мадрид тұрғындарына түнгі уақытта далаға шығуға тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл – Испания астанасындағы эпидемологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты қабылданған жаңа шектеудің бірі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қоса талапқа сай, барлар мен мейрамханалардағы сыйымдылық 50 пайыздан аспау керек. Дүкендер түнгі 10-ға дейін ғана жұмыс істейді. Айта кеткен жөн, жуырда Испанияда коронавирусты жұқтыру деректерінің саны бір миллионнан асты.

Қазіргі жағдайда вирустың тарауын тежеу үшін ең бастысы жүріс-тұрысты шектеу керек. Әсіресе түнгі уақытта тұрғындардың әрі-бері көп қатынамағаны дұрыс. Сондықтан түнгі 12-ден таңғы 6-ға дейін кез келген кездесулерге, тіпті отбасылық жиындарға тыйым салынады. Ал күндіз жиналуға болады. Алайда адам саны 6-дан аспауы тиіс, - дейді Мадрид денсаулық сақтау департаментінің басшысы Энрике Руис Эскудеро.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...