Маңғыстауда заңсыз мұнай өндірілген

21 Мамыр 2020, 14:10
1854
Бөлісу:
Маңғыстауда заңсыз мұнай өндірілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында заңсыз 0,5 миллиард теңгеден астам 3 мың тоннадаға жуық мұнай өндірілген. Бұл туралы қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айтқандай, қаржы мониторингі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау, өткізу, сақтау, сондай-ақ, олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнай өңдеу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Тергеу салдарынан 2019 жылдың тамыз айынан бастап SK Petroleum ЖШС "Солтүстік Қарамандыбас" кен орнынан "Жаңаөзен" мұнай құю базаларына жалпы саны 3441,408 тонна шикі мұнай тиелгені анықталды. Маманның қорытындысына сәйкес SK Petroleum ЖШС заңсыз өндірілген шикі мұнайының орташа нарықтық құны 3367,056 метрикалық тонна көлемінде 581,724 миллион теңгені құрайды, - деп атап өтті комитет баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомствода шикі мұнайдың осы көлеміне сот санкциясымен тыйым салынғанын хабарлады.
Сотқа дейінгі тергеу барысында SK Petroleum ЖШС директорының кінәсі толық дәлелденді. Кінәлі тұлғалардың әрекеттері "аса ірі мөлшерде жасалған мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, өткізу, сақтау, сондай – ақ, олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнайды қайта өңдеу" 197-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша, сонымен қатар, "заңсыз кәсіпкерлік, аса ірі мөлшерде табыс алумен ұштасқан заңсыз банктік, микроқаржы немесе коллекторлық қызмет" 214-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша сараланған, - делінген хабарламада.

20 сәуірде айыптау актісімен қылмыстық іс сотқа қарау үшін жіберілді.


Өзгелердің жаңалығы