Маңғыстау облысында 17 мыңнан астам кәсіпкерге жеңілдіктер берілді

29 Мамыр 2020, 06:31
1030
Бөлісу:
Маңғыстау облысында 17 мыңнан астам кәсіпкерге жеңілдіктер берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында жұмысы тұралаған 17 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкіліне түрлі жеңілдіктер жасалады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Туризм, қоғамдық тамақтандыру және қонақ үй қызметтері саласындағы кәсіпкерлер жыл соңына дейін мүлік салығынан босатылды. Микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін барлық салық бойынша төлемдер мерзімі ұзартылды.

Облыс әкімінің айтуынша, Төтенше жағдай кезеңінде Үкімет тарапынан қабылданған қолдау шаралары Маңғыстауда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауда өз нәтижесін беріп отыр. Табыс көзін жоғалтқан 153 мыңнан астам адамға 42 500 теңгеден мемлекеттік қолдау төленді. Аз қамтылған отбасылар үшін сәуір, мамыр айларындағы коммуналдық қызметтерге төлемдерін өтеуге 2,2 млрд теңге қаржы бөлінді.
"Жұмыспен қамтудың жол картасы"  бағдарламасы аясында 144 жоба іске асырылып, 8 500 жұмыс орны құрылады. Біз мұнай шикізатына тәуелділікті азайту бағытында экономиканы әртараптандыру, шикізаттық емес салалардың дамуына тың серпін беретін негізгі бағыттарды айқындадық. Олар – өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені, сервистік экономика, оның ішінде туризм, сауда, көлік-логистикасы. Аталған салалардың негізгі даму бағыттары бойынша арнайы жоспар жасақталып, әр бағыт бойынша жыл соңына дейін қол жеткізілуі тиіс межелер белгіленді, – дейді облыс әкімі Серікбай Тұрымов.


Өзгелердің жаңалығы