Мақтааралдықтар өзбек кәсіпкері берген ақшалай көмекті ала бастады

11 Мамыр 2020, 00:04
3058
Бөлісу:
Мақтааралдықтар өзбек кәсіпкері берген ақшалай көмекті ала бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде ауыл тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Онда эвакуацияланған мақтааралдықтардың алғашқы легі Әлішер Усмановтың қорынан бөлінген қор қаражатының сертификатын алды. Бұл қаражат эвакуацияланған 5202 отбасының жеке шотына түседі. Қазіргі уақытта қаражат алатын барлық азаматтардың құжаттары қабылданып жатыр. Құжаттар толық жиналған кезде, әр отбасы өздеріне тиесілі қаржыны ала алады.

Ресей кәсіпкері Әлішер Усманов су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының эвакуацияланған тұрғындары үшін "Түркістан" әлеуметтік даму корпоративтік қорына 5,2 млн долларын аударған болатын. Бұл 2,3 млрд теңге 30 420 адамды құрайтын 5202 отбасының әрқайсына 422 мың теңгеден (1000 АҚШ доллары) үлестіріледі.

Өзгелердің жаңалығы