МӘМС бойынша 3,4 миллион қазақстандық сақтандырылмаған

24 Қыркүйек 2020, 12:54
1591
Бөлісу:
МӘМС бойынша 3,4 миллион қазақстандық сақтандырылмаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Халықтың МӘМС жүйесіне қатысуы» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Төтенше жағдай кезінде халықтың бір бөлігі табысынан және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі жарналарын төлеу мүмкіндігінен айырылды. Осыған байланысты Қор пандемия кезінде сақтандыру мәртебесін жоғалтқандарға мәртебені қалпына келтіру үшін үкіметке бірқатар ұсыныс жасады. Қабылданған шаралар 740 мыңдай адамды жүйеге қайтарды. Қазіргі уақытта МӘМС жүйесінде 15,3 миллион адам сақтандырылған. Ал жүйеден тыс қалған адамдар саны 3,4 миллион, бұл халық санының жалпы көлемінің 18%-ы. Оның 2 млн-нан астамы – бірыңғай жиынтық төлем жасаушылар, дербес төлеуші, жалдамалы жұмысшы, жеке кәсіпкерлер (ЖК), жеке практикамен айналысатын азаматтар.  Олардың атынан қорға тұрақты түрде  аударым  түспегендіктен жүйеден тыс қалған. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 1,3 млн адам МӘМС жүйесіне бірде-бір рет жарна мен аударым жасамаған, сондықтан оларда медициналық сақтандыру мәртебесі жоқ, - деді ол. 

Қор басшысы МӘМС жүйесінен тыс қалған адамдарды  жүйеге қатысуға  шақырды.

Сақтандырылған азаматтар үшін медициналық қызметтердің көлемі мен құнына қатысты шектеу жоқ. МӘМС-ке жылына 25 мың теңге көлемінде ең төменгі  төлем  жасаған пациент медициналық көмекті тегін алады, ал аударған жарнасының  сомасы маңызды емес, - деді МСҚ басшысы.
Өзгелердің жаңалығы