Бас жаңалықтар
Ұлттық кеңес мүшелері Президент тапсырмаларының орындалуын талқылады
12 Тамыз 2020, 18:27 98

Ұлттық кеңес мүшелері Президент тапсырмаларының орындалуын талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық сенім кеңесі мүшелерімен онлайн форматта талқылау өткізді. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе мамыр айында өткен Ұлттық сенім кеңесінің 3-отырысында Президенттің берген тапсырмалары мен кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстардың жүзеге асырылуы болды. Бұл туралы Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин facebook-тегі парақшасында жазды.

он.jpg

Бұл 3-отырыстың нәтижесі бойынша, 30 пункттен тұратын жоспар қабылданған болатын. Міне, осы жоспардың орындалуы бойынша, әрбір ұсыныс қалай қаралып, қандай шешім қабылданып, қалай жүзеге асып жатқаны бойынша министр арнайы ақпарат берді. Яғни, бұл кездесу мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділері арасында кері байланыс орнатудың жақсы үлгісі болды. Әдетте мемлекеттік органдар қоғам белсенділермен кездесу өткізіп, сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдаса да, көп жағдайда сол айтылған ұсыныстар қалай қабылданып, қалай жүзеге асып жатқаны бойынша ақпарат бермейді, - деді Қарин.

Ол атағандай, бүгінгі кездесу Ұлттық сенім кеңесі мүшелеріне білім және ғылым министрлігінен екі ай бұрын өткен жиын барысында көтерген өз ұсыныстарына қатысты нақты жауап алуға мүмкіндік берді. 

Сонымен қатар, Ұлттық кеңес мүшелері министр мырзаға жұртшылықты алаңдатып жүрген көптеген өзекті де өткір мәселелерге қатысты сұрақтарын қойып, өз пікірлерін жеткізді. Жиын аяғында белгілі бір уақыт өткеннен кейін талқылауды тағы ұйымдастыру бойынша шешім қабылданды. Жалпы, Ұлттық кеңес мүшелерінің орталық мемлекеттік билік органдарының басшыларымен кездесу практикасы жалғасатын болады. Үкіметпен министрлердің Ұлттық кеңес мүшелерімен осындай талқылауларды тұрақты өткізу бойынша жоспар қабылданды. Келесі аптада Ұлттық кеңес мүшелерінің экология министрі Мағзұм Мырзағалиевпен онлайн форматтағы талқылауы өтеді, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...