Теңге бағамы нығайып келеді – Ұлттық банк

14 Мамыр 2019, 12:05
1888
Бөлісу:
Теңге бағамы нығайып келеді – Ұлттық банк

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев теңге бағамының нығайғанын айтты.

Бас банкирдің айтуынша, теңгенің айырбастау бағам 13 мамырдағы жағдай бойынша теңгенің айырбастау бағамы жыл басынан бері 1,2 пайызға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 379,43 теңгені құраған. 

«Теңге бағамы іргелі факторлардың әсерімен қалыптасуда. Мұнайдың әлемдік бағасы жыл басынан бері бір баррель үшін 70,6 АҚШ долларына дейін яғни  31,3 пайызға өсті. Ресей рублі 4 айдың ішінде бір АҚШ доллары үшін 65,23 рубльге дейін (6,1 пайызға) нығайды. Алтын-валюта резервтері 2019 жылғы 1 мамырда 27,1 млрд АҚШ долларын құрады және сәуірде 0,4 пайызға өсті. Жыл басынан бері резервтердің төмендеуі екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктің валюталық шоттарындағы қалдықтардың қысқаруына және Үкіметтің сыртқы борышын өтеумен байланысты. Дегенмен, қажетті минимум 3 ай болғанда олардың көлемі тауарлар мен қызметтер импортының шамамен 8 айын құрайды», - дейді Ерболат Досаев. 

Ұлттық банк төрағасының келтірген деректері бойынша, сәуірдегі жағдай бойынша заңды және жеке тұлғалардың депозиттері 17 207,9 млрд теңгені құраған. Ұлттық қор активтері 2,3%-ға, 59,3 АҚШ долларына дейін артты.

Өзгелердің жаңалығы