Бас жаңалықтар
Ұлтаралық қатынас саласында маңызды өзгерістер қажет - Әшімбаев
27 Ақпан 2020, 12:11 124

Ұлтаралық қатынас саласында маңызды өзгерістер қажет - Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада "Қазақстандағы этносаясаттың өзекті мәселелері: Сарапшылар пікірі" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 
Бейбітшілік пен келісім – біздің мемлекет үшін басты басымдық болған және қала береді. Басқа мақсаттар мен міндеттер ауысып тұруы мүмкін, алайда мемлекеттік органдар үшін этносаралық келісімді, бейбітшілікті, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау әрқашан шешуші міндет болады. Оны іске асыруға мемлекеттің барлық ресурсы бағытталады. Елімізде көп міндет бар, мәселе де аз емес. Дегенмен, бейбітшілік пен келісім – біздің азаматтарымыздың дамуы мен қауіпсіздігінің басты факторы екенін түсінеміз. Сондықтан бұл сала мемлекеттік саясат басты назарында болады, - деді ҚР президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Әшімбаев Мәулен.

Оның сөзінше, Қазақстан азаматтарын тіл, дін немесе әлеуметтік жағдай белгілері бойынша кемсітуге жол бермейтін мызғымас конституциялық нормалары әрдайым болады. Біздің азаматтарымыздың беделін түсіруге, оның ішінде ұлттық сипаты бойынша, бағытталған кез келген әрекеттерді тиісті органдар қатаң түрде тоқтататын болады. 
Еліміздің моноэтностылығы – еліміздің дамуына жұмыс істейтін артықшылығымыз бен стратегиялық ресурсымыз. Бұл біздің әлсіздік емес, бұл әлі күнге дейін барынша пайдалана алмай келе жатқан мүмкіндігіміз. Сондықтан мемлекет, мемлекеттік органдар, Президент Әкімшілігі Қазақстанда тұратын барлық этностық топтардың дамуын қолдайтын, оларда бар мәселелерді шешетін болады. Мұның бәрі ортақ мемлекеттік саясат шеңберінде жүргізіледі. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың уақыт өте келе қазақ тілі елімізде этносаралық қарым-қатынас тілі болуы тиіс деген тұжырымдамалық идеясы үлкен перспективаға ие деп санаймыз. Бұл өте маңызды тұжырымдамалық тезис. Сараптамалық деңгейде бұл туралы әлі айтпадық, талқыламадық. Осы орайда қазақ тілі ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналуы тиіс деген идеяны іс жүзінде іске асыру елімізде этносаралық қарым-қатынастың жаңа парадигмасының негізін қалауы мүмкін. Этносаралық қатынас саласындағы мемлекеттік саясатта косметикалық емес, ең маңызды өзгерістер қажет. Осы салада жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың қызметіне бағалап, қоғамдық институттардың қызметін тексеру қажет. Талдау мен ревизия қорытындысы бойынша алдағы кезеңде этносаралық қарым-қатынастар саласында жаңа мемлекеттік саясат құру қажет, - деді Әшімбаев Мәулен.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...