Қызылордада өзенге түсіп кеткен адам іздестіріліп жатыр

29 Қараша 2021, 12:43
1143
Бөлісу:
Қызылордада өзенге түсіп кеткен адам іздестіріліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға «Рисмаш» аумағында түнгі сағат 03:54 шамасында болған.

Хабарламада Сырдарияға Daewoo Nexia маркалы автокөлік түсіп кеткені айтылған.

Көліктің ішінде екі адам болған. Біреуі – 1994 жылғы ер адам, өз күшімен жағаға шыққан. Сол жастағы тағы бір азамат көліктің ішінде қалып қойған. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағынан 1 техникамен 5 адам барды, – деді департаменті өкілі.
Құтқарушылар сағат 04:20-да суға батқан көлікті іздестіруді бастады.
Өзгелердің жаңалығы