Қызылордада қарилар орталығының іргетасы қаланды

17 Қараша 2020, 23:52
1540
Бөлісу:
Қызылордада қарилар орталығының іргетасы қаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысы Белкөл кентіндегі 80 орындық Қарилар дайындау орталығының алғашқы кірпішін қалау салтанатына қатысты.

Игі шараға ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, Сыр имамдары мен демеуші азаматтар қатысты.

Орталықтың алғашқы кірпішін қалау рәсімі Құран оқумен басталып, кейін құрбан шалынды. Шараға арнайы қатысқан Наурызбай қажы Тағанұлы орталықтың Сыр елі үшін маңызы жоғары екеніне тоқталды.

Қарилар дайындау орталығы Қалмұхаммед ишан мешіті жанында орналасқан. Кешен екі қабаттан тұрады. Сондай-ақ мұнда Нұр-Мүбарак университетіне талапкер дайындайтын орталық жұмыс істейді. Мұндағы шәкірттер бұған дейін мешіт жанынан Құран жаттап келген болатын. Жаңа кешеннің құрылысы келер жылы басталмақ.

Өзгелердің жаңалығы