Қызылордада 17 мыңнан астам медицина қызметкеріне үстемақы төленді

16 Ақпан 2021, 01:28
1211
Бөлісу:
Қызылордада 17 мыңнан астам медицина қызметкеріне үстемақы төленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде өткен жылы коронавируспен күрескен 16 035 медицина қызметкеріне 3 млрд теңге үстемақы төленді. Ал биыл қаңтар айында 1 060 денсаулық саласының мамандары 152,7 млн теңге алды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов мәлімдеді.

Індетпен күресіп жүрген аймақтағы медицина қызметкерлеріне үстемақы өткен жылдың наурыз айынан бастап төленіп келеді. Өздеріңіз білесіздер, елімізде шілде айында жағдай күрделенді. Дәл осы айда өңірдегі 3 458 денсаулық сақтау саласының маманына бір миллиард теңгеге жуық үстемақы берілді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табуда. Мәселен, қаңтар айында 1 060 медицина қызметкеріне 152,7 млн теңге үстемақы төленді, – деді Сәбит Бексейітұлы.
Басқарма басшысының айтуынша, үстемақы төленген медицина қызметкерлерінің басым бөлігі – сүзгі бөлімшелері мен мобильді топ қызметкерлері.


Өзгелердің жаңалығы