Бас жаңалықтар
Қызылорда облысында күн электр стансасы пайдалануға беріледі
05 Наурыз 2021, 14:30 309

Қызылорда облысында күн электр стансасы пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Жаңақорған ауданында қуаты 10 мегават болатын күн электр стансасы пайдалануға беріледі.

Ал 2022 жылы Арал ауданында қуаты 20 мегаватты күн электр стансасын салу жоспарлануда.

Жалпы мақсатымыз - аймағымыздағы күн сәулесі мен желді тиімді пайдалану. Бұл «жасыл экономикаға» көшуге үлкен мүмкіндік береді. Бүгінде ауыл шаруашылығындағы 100-ден астам шаруа қожалық қуаттылығы 2 киловаттан асатын күн сәулесімен жұмыс істейтін кіші электр стансаларын тұрақты пайдалануда , - деді облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов.

Бүгінде Шиелі және Жалағаш ауданындағы күн электр стансаларымен өндірілген электрэнергиясы бірыңғай энергетикалық жүйеге берілуде.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...