Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Былтыр Қытайға 12 миллион тонна мұнай экспортталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаев айтты.
2020 жылы компания Қытайға шамамен 12 млн тонна мұнай экспорттады, ал 2021 жылы бұл бағыттағы құбырдың өткізу қабілеті 20 млн тоннаға жетеді. Алайда әзірге экспортты ұлғайту жоспары жоқ, - дейді Данияр Берлібаев.
Оның айтуынша, баға жағдайына байланысты тиімдірек бағыт - Қара теңіз нарығы бар екенін айтты.
Қытай бағытында мұнай Ресей Федерациясынан транзитпен жүреді. Біз мұнайды Ресейден Қытайға 10 миллион тоннадан астам транзитпен Қазақстан арқылы тасымалдаймыз, бұл біздің экономикамызды жақсартады. Менің ойымша, осы жылы сол көрсеткіштер өзгеріссіз қалады. Қытайға тағы 12 миллион мұнай экспорттаймыз деп отырмыз. Соның ішінде 10 миллион тоннасы Ресейден болады, - дейді «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
«Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ бас директоры Николай Горбан 2021 жылы 67,5 миллион тонна мұнай өндіруді жоспарлап отырғанын жеткізді.
Біздің жоспарларымыз әдеттегідей жаһандық деңгейде. Барлығы мұнай өндірушілердің бізге бұл көлемді қалай беретініне байланысты болады. Бірақ біз алғашқы өтінімді қабылдауға дайынбыз. Бұл 67,5 миллион тонна, - деді Горбан.