Бас жаңалықтар
Қытайдың солтүстігінде көне түркілердің 120 қорымы табылды
14 Желтоқсан 2020, 09:52 867

Қытайдың солтүстігінде көне түркілердің 120 қорымы табылды

Алматы, BAQ.KZ.  Қытайдың солтүстігінде жүргізілген қазба жұмыстары кезінде көне ғұндарға тиесілі 120 қорым табылды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Археологтар қазып алған сегіз қорымнан ағаш табыттар, адам сүйегі, темір пышақ, керамикадан жасалған бұйымдар мен құрбандыққа шалынған жануарлардың сүйегі табылған.

Бір қорымнан 83 кесе тәріздес темір гүлдер табылды. Темірден жасалған әшекейлерде жібек іздері бар, бұл кезіндегі ағаш табыттар жібек матамен оралғанын білдіреді, - дейді Ішкі Моңғолияның Мәдени жәдігерлер және археология зерттеу институтының археологы Сун Годун.

Оның айтуынша, бұл қорғандар кешені түркі халқының, оның ішінде ғұндарды зерттеудегі археологиялық маңызды орын болмақ.


Фото: дереккөз
Загрузка...