Қытайдан дене қызуымен келген 54 адамның 16-сы ауруханадан шықты – Біртанов

30 Қаңтар 2020, 17:18
2039
Бөлісу:
Қытайдан дене қызуымен келген 54 адамның 16-сы ауруханадан шықты – Біртанов
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытай Халық Республикасынан 6 қаңтардан бастап келе бастаған 54 қазақстандық жоғары қызумен ауруханаға түсіп, оның ішінде 16 науқас емделіп шыққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгінгі брифинг барысында айтты. 


Біртановтың айтуынша, бүгінде дүниежүзінде коронавирус жұқтырған 7 711 науқас тіркелді, соның ішінде 170 науқас көз жұмған. Бұдан басқа, жалпы 17 мемлекетте 90 науқас тіркелді.
Біріншіден, Мемлекет басшысының тапысырмасымен мемлекеттік деңгейде арнайы комиссия құрылды, ерекше санитарлық қорғану шаралары бекітілді. Халықты инфекциядан қорғау мәселесі бойынша ҚХР мен Қазақстан арасындағы шекараның санитарлық қорғауы күшейтілді. Барлық келіп жатқан азаматтар күшейтілген санитарлық тексеруден өтуде. Қазіргі уақытта мемлекеттік шекарадан 20 515 азамат өтті. Олардың арасында 19 989 Қазақстанның азаматтары, 526 - шетелдік азамат, - деді Елжан Біртанов "ҚазМедианың" студиясында өткен брифингте.
Айта кетейік, мемлекеттік шекарадан өтіп, елге оралған азаматтар тұрғылықты мекенжайы бойынша бақылауға алынады. Қазіргі уақытта олардың 78% немесе 15 738 адаммен байланыс орнатылды. 
Жергілікті емханалар олардың денсаулығын бақылауға алды. Олардың арасында жергілікті және шетелдік 54 адам жоғары температура шағымымен ауруханаға жеткізілді. Олардың диагноздары вирустық инфекцияға байланысты. 16 науқасқа диагноз қойылып, емделіп, ауруханадан шығарылды. Енді жұқпалы аурулар ауруханасында 38 науқас емделіп жатыр, - деді министр. 

Оның сөзіне сүйенсек, барлық науқастан тиісті зертханалық анализ алынды. 
Алматыдағы инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы негізінде және Ұлттық биотехнологиялық орталық мамандарымен бірге арнайы генетикалық диагностика басталды. Осы зерттеу нәтижесі бойынша емдеу жүргіземіз, - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.


Өзгелердің жаңалығы