Бас жаңалықтар
Қытай Израильмен болған қақтығыста Палестинаны қолдайды
16 Мамыр 2021, 19:41 546

Қытай Израильмен болған қақтығыста Палестинаны қолдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай Палестинана қолдайды және Израильмен арадағы қақытығысты реттеуге қатысады, деп жазды centralasia.media.

Бұл туралы ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И пәкістандық әріптесі Шах Мехмуд Курешимен телефон арқылы сөйлескен әңгімесінде айтқан.

Қытай өз құқығын қайтару жолында күресіп жатқан палестиналық халықты қолдайды. Саяси диалог негізінде ҚХР екі ел арасындағы қақтығысты реттеуге атсалысады, - деді Ван И.

Оның айтуынша, тығырықтан шығудың жолы - екі ел халықтарына арналған концепцияның қабылдануы. Осыған орай БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Палестина мен Израильді тез арада бейбіт келісімге шақыратын концепция тұжырымдамасын жасауы тиіс.

Мұнда Иордан және Жерорта теңізі арасында Израильмен қатар Палестина мемлекетінің құрылуы көзделуі керек.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...