Қытай әйелге ұқсайтын еркектерді теледидардан көрсетуге тыйым салды

5 Қыркүйек 2021, 08:53
2518
Бөлісу:
Қытай әйелге ұқсайтын еркектерді теледидардан көрсетуге тыйым салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бет әлпеті қызға ұқсайтын еркектер телеарнадан көрсетілмеуі тиіс. Қытай билігі осыған тыйым салды. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Енді телеарналар әдепсіз интернет жұлдыздарын дәріптеу және байлық пен атақ-даңқты насихаттаудан аулақ болуы қажет. Мұның орнына Қытайдың дәстүрлі мәдениеті мен социализмнің озық мәдениетін көрсетуге басымдық беріледі.

Айта кетейік, бірер күн бұрын ғана Қытай үкіметі кәмелет жасқа толмаған жеткіншектерге аптасына 3 сағаттан артық онлайн ойын ойнауға болмайтынын жария етіп, тыйым салған болатын.

Билік өкілдерінің айтуынша, бұл шара танымал адамдарға тым қатты еліктемеуге септігін тигізеді-мыс.


Өзгелердің жаңалығы