Бас жаңалықтар
Қырғызстанның жаңа президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
27 Ақпан 2021, 18:03 637

Қырғызстанның жаңа президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 2-3 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтеді.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен екіжақты құжаттарға қол қою, сондай-ақ мемлекеттік сапар мәртебесіне сәйкес протоколдық іс-шаралар жоспарланған. Сонымен қатар Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстанның бизнес-қоғамдастығымен кездесу өткізеді, - делінген хабарламада.

Фото: дереккөз
Загрузка...