Ұлыбритания премьері карантиндік шектеуді жеңілдету шараларын бір айға шегерді

15 Маусым 2021, 12:30
2167
Бөлісу:
Ұлыбритания премьері карантиндік шектеуді жеңілдету шараларын бір айға шегерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон өткен жылдың наурыз айында СOVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген барлық шектеуді жеңілдету шараларын бір айға шегерді. 

Бұл туралы ол баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.

Барлық шектеу 21 маусымда алынады деп жоспарланған болатын. Алайда үкімет Ұлыбританияда коронавирустың үндістандық штаммының таралуына байланысты «тағы біршама уақыт күткен дұрыс» деп санайды. Енді шектеулер 19 шілдеде жеңілдетіледі деп күтілуде. Премьер-министрдің мәлімдеуінше, 19 шілдеге дейін елдің барлық ересек тұрғыны вакцинаның алғашқы дозасын алады деп жоспарланған.

Филиппиндегі Манила медициналық жоғары оқу орындарының студенттері елдегі коронавирустық инфекциялардың кезекті толқынына қарамастан, күндізгі оқуға оралды. Оқу орнына оралмас бұрын студенттердің барлығы вакцинациядан өткен болатын. Алайда олар үшін аудиторияларда бетпердені кию талабы алынған жоқ. Сондай-ақ студенттерге университет аумағынан кетуге тыйым салынады. Оқытушылар осылайша білім алушыларды тәжірибелік тұрғыда дағдыландырмақ. Сонымен қатар олар коронавирустық инфекциямен күресу үшін мүмкіндігінше көп маманды дайындағысы келеді. Айта кетейік, өткен тәулікте Филиппинде Сovid-19-ды жұқтырудың 6,5 мыңға жуық оқиғасы тіркелді. Ал пандемия басынан індетке шалдыққандардың жалпы саны миллионнан асты.

Өзгелердің жаңалығы