Бас жаңалықтар
Елімізде ең төменге күнкөріс деңгейі өсті
04 Наурыз 2019, 22:56 531

Елімізде ең төменге күнкөріс деңгейі өсті

Астана, BAQ.KZ. 2019 жылғы ақпанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 27 111 теңгені құрады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады. 

«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы ақпанда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,5%-ға жоғарылады», - делінген комитет мәліметінде. 

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі - 20,5%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 16,4%, жемістер мен көкөністерді - 8,4%, нан және жарма өнімдерін - 7,5%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,2%-ды құрады.

Загрузка...

Сізден жаңалық